Волейболдан Қазақстан чемпионатында түркістандықтар «Қуанышты» қапы қалдырды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты екінші турының ойындары аяқталды.

Волейболдан Қазақстан кубогы: әйелдер арасында жартылай финалға шыққандар анықталды
Фото: Қазақстан волейбол федерациясы

Соңғы күні фавориттердің бәрі де жеңіске жетті.

Сербиялық Марко Гршич жаттықтыратын «Жетісу» (Талдықорған) «Ақтөбені» 3:0 (25:18, 25:22, 25:9) есебімен оңай ұтып, турнир кестесінде 38 ұпаймен көш бастады.

Алаң иелері «Берел» (бас бапкері Ришат Гилязутдинов) командасы «Ертісті» 3:0 (25:23, 25:17, 25:19) есебімен қапы қалдырып, ұпай санын 36-ға жеткізді.

Нұрлан Садықов баптайтын «Қарағанды» Оралдың «Грация KZ» клубын 3:0 (25:19, 25:16, 25:16) есебімен жеңіп, 33 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.

Ал тартысты матчта ел чемпионы «Тұранға» 2:3 (25:16, 25:15, 22:25, 11:25, 9:15) есебімен жол берген «Қуаныш» (СҚО) төртінші сатыға ығысты.

Осылайша, түркістандықтар жаңа маусымда мойны озық командалармен тайталаса алатынын дәлелдеп, қоржынындағы 25 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.

Алматылықтар камбэк жасап, «Ару-Астананы» 3:2 (24:26, 26:28, 25:14, 25:20, 15:12) есебімен тізе бүктірді.

«Алматы» мен «Ақтөбе» 15 ұпаймен 6-7-орындарды бөлісуде.

Екінші тур қорытындысы бойынша әр командадан үздіктер анықталды.

«Ақтөбе» - Наиля Нигматулина;

«Жетісу» - Валерия Чумак;

«Алматы» - Диляра Амангелді;

«Ару-Астана» - Сәния Балағазинова;

«Қарағанды» - Наталья Хазова;

«Грация KZ» - Элина Надыршина;

«Тұран» - Бота Уатаева;

«Қуаныш» - Анастасия Кудряшова;

«Ертіс» - Дарья Инина;

«Берел» - Томирис Сағымбаева.

Осымен, биылғы ойындар өз мәресіне жетіп, үшінші тур бәсекелері жаңа жылда болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Берелдің» волейболдан Қазақстан чемпионатында «Қуанышты» ұтқанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар