22:18, 28 Мамыр 2013 | GMT +5
Волейболдан қазақстандық 20 бапкер 1-ші дәрежелі FIVB сертификатын иеленді
АЛМАТЫ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда волейболдан 24 бапкер FIVB-ның халықаралық жаттықтырушылар курсынан өтіп, 1-ші дәрежелі сертификатқа ие болды. Халықаралық федерацияның қолдауымен ұлттық федерация тұңғыш рет ұйымдастырған бұл шарада словакиялық Петер Калны мен түркиялық Неджат Санчак дәріс жүргізді.

Онда біліктілік сертификатын иеленген 20 қазақстандықтың он екісі - алматылық, төртеуі - оралдық, екеуі - қарағандылық және екеуі - Тимирязов пен Қостанайдың өкілдері. Олардың ішінде Куаныш Бектаев, Жансая Айменова, Айнұр және Әсел Ғұбашевалар мен Азамат Есімов және т.б. бар. Ал шетелдіктер арасынан бұл құрметке ием болғандардың біреуі ресейлік (Александр Перепелкин), біреуі ирандық (Мехраби Мэхди), екеуі түркиялық (Инджеай Эзги, Шимшек Мұстафа) азаматтар болып отыр.