14:27, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
Волейболдан Оралдың «Конденсаты» биылғы маусымда алғашқы төрттіктің қатарына енуді мақсат етіп отыр
ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары сапында өнер көрсететін Оралдың «Конденсаты» биылғы маусымда алғашқы төрттіктің қатарына енуді мақсат етіп отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі кезде Петропавлда біріншіліктің үшінші турының ойындары өткізілуде. Екі турдан кейін 19 ұпаймен әзірге бесінші орында келе жатқан оралдықтар алғашқы күні өзінің негізгі қарсыластарының бірі Өскеменнің «Шығыс Свинецстрой», содан кейін көш соңындағы «Атырау-2» командасын 3:0 есебімен ұтты.
Қос турдан кейін «Алматы» мен «Атырау» 26 ұпаймен көш бастаса, «Казхром» (Хромтау) 25 ұпаймен - үшінші, «Шығыс» 22 ұпаймен төртінші орынға орналасқан болатын.
Бес турдың қорытындысында үздік төрт команда анықталып, олар плей-офф бәсекелеріне қатысады.