Волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында алматылықтар ел чемпионатының 5-турын сәтті бастады

АЛМАТЫ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Атырауда  волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 5-тур ойындары өтуде.
None
None

Кеше алғашқы ойында хромтаулықтар («ТНК «Қазхром») қызылжарлықтарды («Есіл») 3:0, алматылықтар оралдықтарды («Конденсат») 3:1 есебімен ойсырата ұтты. Ал өскемендіктер  атыраулықтармен ұпай бөлісті (3:2). Бүгін енді «Есіл» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Алматы» мен «ТНК Қазхром», «Конденсат»  пен «Атырау»  кездеседі.

Алғашқы 4 турда алматылықтар - 53,  хромтаулықтар  - 46, өскемендіктер - 27,  атыраулықтар  - 23,  қызылжарлықтар  - 17, оралдықтар   14 ұпай жинаған еді. Ал әйелдер командалары арасында алматылықтар бесінші орында келе жатыр. Онда Алматы облысының  «Жетісу» командасында - 54,  «Астанада» - 39, Ертіс-Қазхромда» - 32 (Павлодар), «Қарағандыда» - 20,  «Алматыда» - 13, ал теміртаулықтарда («Металлург АМТ») - 13, өскемендіктерде («Шығыс-Қорғасын Құрылыс») - 6 ұпай бар.

Соңғы жаңалықтар