Волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы ел чемпионатының көшбасшылары Атырауда өзара күш сынасуда

АЛМАТЫ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Атырауда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХI Қазақстан чемпионатының 4-ші туры өтіп жатыр.
None
None

Кеше алғашқы ойында Өскеменнің«Шығыс-ҚорғасынҚұрылысы» Оралдың Конденсатына» үшінші рет 0:3 боп ойсырай ұтылды. Олар бұған дейін тек бір кездесуде ғана 3:2 есебімен жеңген еді. Ал Хромтаудың «ТНК-Қазхромы» павлодардықтардан екінші рет 3:1 есебімен басым түсті. Олар бұған дейін 2 ойында 1:3, 0:3 боп жеңіліс тапқан болатын. Ал «атыраулықтар» Қызылжардың «Есілін» тағы да сүріндірді. Олар бұған дейін 2 кездесуде ұтқан еді.

Қазір турнир кестесінде 18 ойыннан кейін 41 ұпаймен «алматылықтар» көш бастап келе жатыр. Одан бір ойыны артық «ТНК Қазхром» (38 ұпай), «Атырау», «Конденсат», «Павлодар» (31 ұпайдан), «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (14 ұпай) және «Есіл» (12 ұпай) командалары 2-7 орындарды өзара бөлісуде. Төртінші турдың ақтық ойындары 13 наурыз күні өтеді.

Соңғы жаңалықтар