Волейболдан Ұлттық лиганың В тобындағы ерлер командалары арасындағы ХХ Қазақстан чемпионаты Таразда басталады

ЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Таразда 15-22 қараша күндері волейболдан Ұлттық лиганың В тобындағы ерлер командалары арасындағы ХХ Қазақстан чемпионатының 1-туры өтеді. Тараз мемлекеттік университетінің спорт залында болатын бұл дүбірлі додаға 6 команда қатысады.
None
None

Олар жарыс қожайындарының «Тараз -ТарМУ» және Өскеменннің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-3», Хромтаудың «ТНК «Қазхром-2», Қызылорданың «Қорқыт ата КМУ», Теміртаудың «ВСМК Арселормиттал» мен Қостанайдың «КИнЭУ» волейболшылары.

Айналым жүйесі бойынша 5 турға созылатын ел чемпионатында олар Жоғарғы лиганың А тобының жолдамасы үшін таласады. Биыл жаңа маусым өскемендіктер мен қостанайлықтардың ойынымен басталады. Одан кейін хромтаулықтар мен қызылордалықтар, тараздықтар мен теміртаулықтар өз күштерін сынайды. Ал 1-турдың ақтық ойыны 20 қарашада «ВСМК Арселормиттал» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-3», «Қазхром-2» мен КИнЭУ» , «Қоркыт ата-ҚМУ» мен «Тараз-ТарМУ» арасындағы сайыспен аяқталатын болады.

Соңғы жаңалықтар