Волейболдан Жоғары лигадағы «А» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 1-туры аяқталды

Онда барлық кездесуде мерейі үстем шыққан шымкенттік («Динамо-Қазығұрт») волейболшылар үздік шықты. Атырау («Атырау-2»), Орал («Жайық-Конденсат»), Қызылжар («Есіл-Виктория») волейболшыларын 3:0, ал өскемендіктерді («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2») 3:1 есебімен ұтқан шымкенттіктер Алматы («Ұшқын-ҚазҰАУ»), Семей («Семей») қалалары мен Павлодар облысынан («Ертіс») келген қарсыластарымен ұпай бөлісті (3:2). Алаң қожайындары болса Алматы, Қызылжар, Өскемен мен Павлодар спортшыларын 3:0, атыраулықтарды 3:1 есебімен ұтып, Орал мен Шымкент командаларына 2:3 есебімен есе жіберді. Оралдықтар болса 5 ойында жеңіп (біреуі 3:0, үшеуі 3:1, біреуі 3:2), 2 ойында (0:3, 1:3) жеңіліс тапты. Алматылықтар 2 ойында (3:0, 3:1) жеңіп, 5 ойында (біреуі 0:3, екеуі 1:3, екеуі 2:3) ұтылды.