Волейболдан Жоғары лиганың «А» тобында ерлер арасындағы ел чемпионатының 1-турында шымкенттіктер алматылықтармен ұпай бөлісті

АЛМАТЫ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Семейде волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасындағы ХХ Қазақстан чемпионатының 1-туры аса тартысты өтуде.
None
None

Алматылықтар («Ұшқын-ҚазҰАУ») онда алғашқы 2 күннің қорытындысы бойынша жеңіліссіз келе жатқан шымкенттіктің «Динамо-Қазығұрт» командасын ең бірінші боп ұпай бөлісуге мәжбүр етті. Олар турнир кестесінде 6 ұпаймен көш бастап келе жатқан жатқан қарсыласына 2:3 (15:25; 23:25; 25:22; 25:23; 13:15) есебімен есе жіберді. Алматылықтар бұған дейін атыраулықтарға («Атырау-2») 2:3 және жарыс қожайындарына («Семей») 0:3 есебімен ұтылып қалған еді. Ал шымкенттіктер Оралдың «Жайық-Конденсат» (3:0) пен Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2» (3:1) командаларын ойсырата жеңген болатын. Кеше қызылжарлықтар («Есіл-Виктория») атыраулықтарды 3:1, оралдықтар мен семейліктер Өскемен мен Павлодар («Ертіс») волейболшыларын 3:0 есебімен жеңіп, жарыс көрігін одан сайын қыздыра түсті.

Соңғы жаңалықтар