Волейболдан Жоғары лиганың «Б» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 1-турында хромтаулықтар көш бастауда
Теміртаудың «ВСМК-Металлург», Қызылорданың «Қорқыт Ата ҚМУ», Өскеменнің «Шығыс-Қорғасын Құрылыс-3» волейболшыларын 3:0 есебімен ұтқан олар алғашқы 3 күннің қорытындысы бойынша 9 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады. Бірінші кездесуде теміртаулықтарға 2:3 есебімен есе жібергенімен, Өскемен мен Қостанайдан («КинЭУ») келген волейболшыларды ойсырата жеңген жарыс қожайындарының «Тараз-ТарМУ» командасының олардан 2 ұпайы кем.
Бүгін барлық командалар бір күн тынығып, демалыс күндері жарысты одан ары жалғастыратын болады. Ертең «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-3» пен «Қорқыт-Ата-ҚМУ», «КИнЭУ» мен «ВСМК- Металлург», «Тараз-ТарМУ» мен «Қазхром-2» өзара жұп құрайды. Ал арғы күні теміртаулықтар өскемендіктермен, хромтаулықтар қостанайлықтармен, қызылордалықтар тараздықтармен ақтық кездесулерін өткізеді.