Volkswagen дағдарысы: Германия бұл тығырықтан жол таба ала ма
АСТАНА.KAZINFORM – Бір кездері Германияның соғыстан кейінгі өнеркәсіптік күшінің символы болған Volkswagen (VW) қазір зауыттарының жабылуына байланысты ең қиын сәтті бастан өткеріп жатыр. Кazinform тілшісі Ғалымжан Қараманұлы бұл Германияның экономикасы мен саяси ландшафтына қалай әсер етуі мүмкін деген сұраққа жауап іздеп көрді.
Компанияның дәстүрлі іштен жанатын қозғалтқыштардан электромобильдерге ауысу жолындағы күресі тек VW ғана емес, бүкіл неміс автомобиль өнеркәсібінің алдында тұрған ауқымды мәселе. Еуропаның ең ірі экономикасы бәсекелестіктің өсуіне, бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуіне және саяси тұрақсыздыққа тап болғандықтан, Volkswagen зауыттарының жабылуы - Германиядағы өнеркәсіп алыбы үшін жаңа және қиын кезеңнің басталуын білдіруі мүмкін.
Цвиккау зауытындағы ауыр атмосфера
Тамыз айында-ақ Цвиккаудағы Volkswagen электромобиль зауытындағы (EV) жұмысшылардың көңілінде алаң болды. Компания түнгі ауысымдарды қысқартып, жүздеген уақытша жұмысшыларды жұмыстан шығарды. Шығындарды азайту шаралары ретінде басталған шара тез арада дағдарысқа айналды: ең танымал неміс өндірушілерінің бірі VW өзінің 87 жылдық тарихында алғаш рет зауыттардың жабылуы мүмкін екенін жариялады. Бұл қадам Volkswagen проблемаларын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар Германияның өнеркәсіптік ландшафтындағы ауқымды мәселелерді көрсетеді.
Volkswagen проблемалары — жалпы автомобиль өнеркәсібіндегі жағдайдың көрінісі
Бұл тек Volkswagen-ге тән проблема емес. Бұл бүкіл әлем бойынша ескі автомобиль өндірушілердің алдында тұрған қиындықтарды көрсетеді. Осы уақытқа дейін табысты болып келген VW алдымен дизельді қозғалтқыштарды ұсынды, содан кейін агрессивті түрде электромобильдерге көшті. Электромобильдердің баяу қабылдануы, жоғары шығындар мен ынталандырудың жойылуы Цвиккау сияқты зауыттарды әлсіретті.
Автокөлік сарапшысы Маттиас Шмидт «ми сүйегіне дейін Volkswagen» деп атаған компанияның бас атқарушы директоры Оливер Блюм бұл мәселелермен бетпе-бет күресуге көшті.
Бұл жолы VW артық қуаттылық мәселесіне тап болды, бұл жұмыс орындарын сақтаудан компанияның болашағын қамтамасыз етуге ауысуды білдіреді. VW неміс зауыттары жылына 2,7 миллион көлік шығаруға қабілетті, бірақ олар 2023 жылы 2 миллионнан аз көлік шығарды, бұл Оснабрюк пен Дрезденді қоса алғанда, бірнеше зауыттардың тиімсіздігін көрсетеді. Қазір екі кәсіпорын да жабылу алдында тұр.
Саяси және экономикалық салдары
Volkswagen концернінің жабылуы экономикалық және саяси салдарға әкеледі. Германияның ең ірі автомобиль өндірушісі - VW құлдырауы елдің экономикалық мәселелесіне тікелей әсер етеді. Бір кездері әлемдегі ең ірі экспорттаушы Германияның өнеркәсіптік қуаты тұрақты түрде төмендеп келеді. Инфрақұрылымға онжылдық инвестициялардың жеткіліксіздігі, энергия бағасының өсуі және шамадан тыс реттеу елдің бәсекеге қабілеттілігін төмендетті. Жақында Ifo институтының 180 экономистке жүргізген сауалнамасы Германияның бизнес бағыты ретінде тартымдылығын жоғалтып, ел үкіметінің экономиканы жандандыру қабілетін одан әрі қиындататынын көрсетті.
Өнеркәсіптің құлдырауының белгісі
Volkswagen-нің құлдырауы - бір кездері экспортқа бағытталған қуатты өндіріс секторына негізделген Германияның экономикалық моделінің құлдырауы туралы ескерту. Компанияның соғыстан кейінгі алғашқы жетістігі оның әлемдік нарықтарға, әсіресе Қытайға шығу қабілетіне байланысты болды. Алайда, азиялық нарықтарға тәуелділік, әсіресе қытайлық өндірістің дамуы аясында кері әсер берді.
Бүгінгі VW күресі әлемдік автомобиль өнеркәсібіндегі үлкен өзгерістердің символы. Электромобильдердің танымалдылығының артуы, реттеуші қысым көптеген еуропалық автомобиль өндірушілерді дүр сілкіндірді.
Германия тығырықтан шыға ала ма?
Volkswagen-ге төнген қауіп Германияның бизнестегі орны ретіндегі ауқымды проблемаларын көрсетеді. Ел жоғары нарықтардарғы қуатты өнеркәсіптік көшбасшылармен мақтана алатынына қарамастан, бәсекелестік орта өзгерді. Қытайдың үстемдігі және экологиялық нормалардың күшеюі Германия өнеркәсібіндегі дәстүрлі салалардың еркін тыныстауына кедергі келтіреді.
Канцлер Шольц пен оның үкіметі қысқа мерзімді сайлауға қатысты алаңдаушылық пен Германияның экономикасын қалпына келтірудің ұзақ мерзімді қажеттілігін теңестірудің жолын табуы керек. Германияның тағы бір экономикалық ұтымды жүрісті бұл жолы өнеркәсіптік алпауыт ретінде емес, таза энергия көшбасшысы ретінде жасай ала ма деген сұрақ туындайды.
Германия экономикасының болашағы мен оның өнеркәсіптік бірегейлігі VW сияқты компаниялардың қазіргі аласапыран уақыттан сәтті шыға алуына байланысты. Әзірге VW проблемалары ескі өнеркәсіптік модельдер ХХІ ғасырда жұмыс істемеуі мүмкін екенін еске салады.