Volkswagen компаниясының кірісі 64% төмендеді

АСТАНА. KAZINFORM – Еуропа мен Германиядағы ең ірі автокөлік өндіруші Volkswagen компаниясының кірісі 64%-ға төмендеді, деп хабарлайды Financial Times басылымы. 

Volkswagen
Фото: auto.ria.com

Компания Қытайдағы сату көлемінің төмендеуі және қайта құрылымдау шығындарына байланысты тоқсан сайынғы таза пайданың 64% төмендеуін тіркегеннен кейін ірі зауыттарды жабу және жұмыс орындарын қысқартуға «шұғыл қажеттілікті» атап өтті.

Volkswagen өзінің өндірістік кеңесіне компанияның 87 жылдық тарихындағы ең күрделі қайта құрылымдау шарасы ретінде үш зауытты жауып, он мыңдаған жұмысшыны қысқартуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

«Қарсы соққан жел күшейді. Біз бәсекеге қабілетті болып қалу үшін күш-жігерімізді арттыруымыз керек», - деді компанияның бас қаржы директоры Арно Антлитц.

Қыркүйектің соңына дейінгі үш айдың ішінде таза пайда бір жыл бұрынғы 4,34 млрд еуродан 1,57 млд еуроға дейін төмендеді, ал кіріс 0,5 пайызға азайып, 78,5 млрд еуроға жетті. Компанияның операциялық пайдасы тоқсандағы 6,2%-дан 3,6%-ға дейін төмендеді.

Еске салсақ, Kazinform-ның меншікті тілшісі Volkswagen дағдарысы туралы талдау материал жасаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар