Volkswagen компаниясының басына қара бұлт үйірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Volkswagen компаниясына қатысты тағы да шу шықты. Оңтүстік Корея билігі неміс концернін 14 миллион еуродан астам айыппұл төлеуге міндеттеді.
None
None

Компания ауаға таралатын зиянды қалдықтар мен техникадан шығатын дыбыс деңгейі туралы жалған мәлімет берген, деп хабарлайды 24.kz.  Сондай-ақ Volkswagen ел аумағынан 83 мың жеңіл көлікті кері қайтарып алуы тиіс. Сонымен қатар Оңтүстік Корея өткен аптада Volkswagen, Аudi және Bentley көліктерін сатуды тоқтатты. Өйткені 80 үлгіні саудалауға берілген куәліктердің күші жойылған. Германиялық ақпарат құралдарының жазуынша, бұл - компанияға қатысты соңғы кезде қабылданған ең ауыр шаралар. Айта кетейік, кері қайтарылған көліктер саны мен миллиондаған айыппұлға қарамастан, Volkswagen әлемдегі көлік өндіретін ең ірі кәсіпорын ретінде қалып отыр. Алғашқы жартыжылдықта концерн 5 миллион 200 мың көлік шығарған.

«Бүгін күн жақсы басталмады. DAX неміс биржалық индексі қысылтаяң жағдайға тап болды. Бұған Volkswagen-ге қарсы қабылданған шаралар себеп болуда. Бүгін екі жаманат хабар алдық. Біріншісі - Оңтүстік Кореяда сатылымға тыйым салынды. Екіншісі - АҚШ-та ұжымдық арыз беру туралы үлкен қауіп туындады. Volkswagen Американың сауда-саттық заңнамасын бұзғаны туралы сот  болғалы тұр. Бұл Volkswagen акционерлері үшін нағыз бас ауруына айналды. Мұның соңы ірі проблемаға ұласуы мүмкін,-дейді нарық сарапшысы Оливер Рот.

Соңғы жаңалықтар