20:24, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Восток» аймақтық қолбасшылығының басшылығы «Жас ұлан» лицейінің тәрбиеленушілерімен кездесті
СЕМЕЙ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – Семейде «Восток» аймақтық қолбасшылығының басшылығы «Жас ұлан» ер балалар лицейінің тәрбиеленушілерімен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жасөспірімдер алдында әскер қолбасшысы генерал-лейтенант Николай Поспелов сөз сөйледі. Ол болашақ сарбаздар мен сардарларды «Восток» аймақтық қолбасшылығының тарихымен таныстырды және офицерлік қызметтің ерекшелігі туралы әңгімелеп берді.Биылғы жылы «Восток» қолбасшылығына 17 жыл толады. 2008 жылдың қорытындысы бойынша ол барлық әскер түрлері мен аймақтық қолбасшылықтар арасында бірінші орынға шықты. Кездесу барысында генерал-лейтенант Н.Поспелов лицей тәрбиеленушілерін болашақта «Восток» бөлімшелерінде қызмет етуге шақырды.