ВТБ Қазақстан банкі ЕО санкциясына ұшырады
АСТАНА. KAZINFORM – Еуропалық Одақ Ресейге қарсы санкциялардың 19-шы пакетін қабылдады, оның ішінде ВТБ Қазақстан банкі шектеу қойылған субъектілер қатарына енгггізілді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Сонымен қатар, ВТБ-ның Беларусь пен Шанхайдағы еншілес компанияларына санкция салынды.
Еуропалық кеңес жариялаған құжатқа сәйкес, шектеу шаралары 2025 жылдың 2 желтоқсанында күшіне енеді. Оларға қаржылық қызметтерге қол жеткізу және ЕО юрисдикциялары аясындағы транзакцияларға шектеулер кіреді. ВТБ Қазақстан бұған дейін бас компанияға қойылған шектеулерге байланысты қиындықтарды бастан кешірді.
Еске сала кетсек, бүгін Брюссельде Еуропалық Одаққа мүше 27 мемлекет басшыларының саммиті өтіп жатыр, онда еуропалық сыртқы және ішкі саясаттың өзекті мәселелерін талқылау жоспарланған.
Бұған дейін Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкцияларды ұзартқанын жазған едік.