ВТБ-ның Қазақстандағы банкі еншілес ұйымдары арасында 2012 жылдың экономикалық көрсеткіші бойынша көшбасшы атанды

АЛМАТЫ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - ВТБ қаржы тобы биыл алдағы 3 жылға арналған жаңа стратегиясын қабылдамақ.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан ВТБ тобы басқару комитетінің бөлшек бизнес бойынша үйлестіру комиссиясының 2 күндік мәжілісінің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

«Бөлшек бизнес бойынша үйлестіру комиссиясының тоқсан сайын өтетін бұл мәжілісінде топ қызметінің 2012 жылғы қызметінің қорытындысы шығарылып, 2013 жылға арналған бизнес-жоспар бекітілді. Қазақстандағы ВТБ банкі өз қызметін 2009 жылы бастағанмен, бөлшек бизнесте 2010 жылдан бері ғана белсенді жұмыс жүргізуде. 2012 жыл біздің бұл еншілес ұйымымыз үшін ерекше жемісті болды. Несие қоржыны 3 есе, ал депозиттері 2,5 есе өсіп, ВТБ тобында жеке тұлғалардың несие қоржынының көлемі бойынша абсолютті көшбасшыға айналды», - дейді ВТБ тобының басқарма төрағасы-президентінің орынбасары, ВТБ24 бөлшек бизнес департаментінің директоры Екатерина Петелина. Оның айтуынша, 2011 жылы бұл көрсеткіші жағынан еншілес банк ең соңғы орындардың бірінде тұрған болатын. Қазір ол бөлшек активі бойынша топта Украинадағы банктен кейін екінші орынға шықты. Егер нарығының көлемі және ондағы еншілес ұйымның өз қызметін Қазақстаннан бұрын бастағанын ескерсек, бұл - өте үлкен көрсеткіш.

Жалпы ресейлік ірі қаржы тобы саналатын ВТБ-тың құрамында 30-дан астам компаниялар мен 23 елде кеңселері бар. Оның активінің 25 пайызын бөлшек бизнес құрайды және табыстың 48 пайызын әкеледі. Сондықтан да топ басшылығы бөлшек бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөліп отыр.

Соңғы жаңалықтар