WADA: Тәуелсіз комиссияның Сочи Олимпиадасына қатысты допинг есебі 18 шілдеде жарияланады

Сонымен бірге Макларен Торонтода өтетін арнайы баспасөз мәслихатында өздері жүргізген тексеру нәтижесі туралы айтып береді.
Мамыр айының ортасында The New York Times газеті Ресейде допингке қатысты бағдарлама бар деп мәлімдеген Мәскеулік допингке қарсы зертхананың бұрынғы басшысы Григорий Родченковтың айтқандарына негізделген материал шығарды. Бағдарлама Ресей жерінде өтетін олимпиада барысында жергілікті спортшылардың жеңіске жетуіне жәрдемдесуі тиіс болған. Г.Родченков WADA және Халықаралық Олимпиада комитетіне айғақтар ұсынуға әзір екендігін, сондай-ақ Лозанндағы сақталып тұрған 2014 жылғы Олимпиаданың допинг сынамаларын қайта тексерілу қажеттілігін мәлім етті.
Профессор Макларен WADA комиссиясының құрамында бола жүріп ресейлік жеңіл атлетика федерациясы, Ресей допингке қарсы агенттігі, Мәскеулік допингке қарсы зертхана қызметтерін тексерді. Комиссия зерттеуінің нәтижесі бойынша жариялаған есебі негізінде Халықаралық жеңіл атлетика федерациялар қауымдастығы (IAAF) ұйымдағы ресейлік жеңіл атлетика федерациясының мүшелігін былтыр 13 қарашадан бастап уақытша тоқтатты.