WBA-ның және Еуропаның чемпионы Бернард Данн: Елеусінов - мен осы уақытқа дейін көрген үздік боксшы

Бұл туралы Астана қалалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлайды.
Бүкіл әлемнің мамандары бұл айқасты Олимпиаданың төртінші жарыс күнінің басты сәні деп атады. Көпшіліктің ойын өз блогында Ирландияның әйгілі кәсіби боксшысы, WBA-да бірінші жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион және аса жеңіл салмақтағы Еуропа чемпионы, қазіргі уақытта ирландиялық RTE Sport арнасында бокс бойынша Олимпиада ойындарының коментаторы Бернард «Бен» Данн білдірді.
Елеусіновтің бірінші кездесуін көру барысында ол өз блогында: «64 келі салмақтағы қазақстандық боксшы Елеусіновтің американдықпен айқасын бақылаудамын. Қазақ абсолюттік класс, фантастикалық тәсілдер мен қимылдарды көрсетуде» деп жазды.
Ал кездесу аяқталған соң ирландиялық кәсіби боксшы одан қысқа сөйледі: «Елеусінов - мен осы уақытқа дейін көрген үздік боксшы. Маған қатты әсер етті».
4 тамызда Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарындағы күндізгі сессияның 7-ші жұбында Данияр Елеусінов ирандық Мехди Толоутибандпимен кездеседі. Ирандық спортшы өзінің қарсыласы - испаниялық Алонсоны бірінші айқаста 16:12 есебімен жеңді. Данияр Елеусінов пен ирандық Мехдидің айқасы Астана уақыты бойынша шамамен сағат 20:00-де басталады. Олардың жұбындағы жеңіске жетуші жартылай финалда Гьюла Кате (Венгрия)-Винченцо Мангиакапре (Италия) жұбындағы жеңімпазбен кездеседі.