11:01, 08 Қараша 2013 | GMT +5
«WestKazInvest 2013» халықаралық бизнес форумында 160 млн. АҚШ долларына келісім жасалды
ОРАЛ. 8 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Орал қаласында мәреге жеткен «WestKazInvest 2013» халықаралық бизнес форумы соңында 12 меморандум мен келісімге қол қойылды.

Атап айтқанда, БҚО әкімдігі мен «Астана Innovations» АҚ арасында ынтымақтастық жөнінде келісім жасалды. Сондай-ақ БҚО әкімдігі, «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ, «СВ плюс» ЖШС керамзит қиыршық тас өндіретін зауыт құрылысын жүргізбекші. Батыс Қазақстан облысында газтурбиналы электр стансасын да салу көзделуде. БҚО әкімдігі мен БҚО туристік ұйымдар консорциумы туризмді дамытпақшы. БҚО машина жасау кәсіпорындары «Машзавод» консорциумын құрмақшы. Барлығы 160 млн. АҚШ долларына келісім жасалды