«Westoil Software» ереуілге шыққандардың орнына жұмыссыздар қатарынан 20 адамды жұмысқа қабылдады

компания
Фото: «Westoil Software» компаниясының баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM — Жұмыссыздық тізімінде кезекте тұрған 20 азамат Westoil Software мекемесіне жұмысқа орналасты.

Компания директорының орынбасары Ақылбек Садуевтің айтуынша, жұмысқа орналасуға үмітті 75 азаматтың 20-сы әңгімелесудің барлық кезеңдерінен өтіп, жұмыстарына кірісті.

— Бірінші кезекте жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі компанияның талаптарына сәйкес келетін 20 адам іріктелді. Қазіргі таңда олар жұмыс орындарына бөлінді, барлық құжаттарын жинап, физикалық тексеруден өткеннен кейін жұмыстарына кіріседі, — деді Ақылбек Садуев.

жұмыссыздар
Фото: «Westoil Software» компаниясының баспасөз қызметі

Компания заңсыз наразылық акциясын тоқтатуға ниеті жоқ адамдардың орнына кезең-кезеңімен мамандар жинайтынын атап өтті.

«Жұмысын жалғастырғысы келетін жұмысшылар бос лауазымдарға өзге азаматтар жұмысқа қабылданғанға дейін жұмысына қайта оралуына мүмкіндігі бар», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар