WhatsApp-та сыныптас қызды қорлаған оқушылар өтемақы төлеуге мәжбүр болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана тұрғыны қызын қорлаған ер адамның моральдық өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық соты Б-ның жауапкерлер К. және Ж-дан моральдық залал өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

2021 жылғы қыркүйек айында бұрынғы сыныптастарының WhatsApp-тағы чатында жауапкерлердің баласы өзінің сыныптастарына, соның ішінде талап қоюшының қызына қадір-қасиетін қорлайтын хабарламалар жазған.

Қыздың анасы 3 млн теңге сомасында моральдық залал талап етіп, сотқа жүгінді.

Себебі сыныптастары жазған қорлайтын хабарламалардан кейін оның кәмелетке толмаған қызы бір ай бойы күйзеліске түсіп, жылаған.

Соның салдарынан қызға психологтың көмегі қажет болған.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен жасөспірімнің әкесі кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Моральдық зиянды өтеу мөлшерін анықтау кезінде сот сыныптастарын қорлау нәтижесінде психологиялық күйзеліске ұшыраған кәмелетке толмаған қыздың жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының өмірлік маңызын, сондай-ақ жауапкерлердің отбасылық және мүліктік жағдайын ескерді.

Сот шешімімен талап қанағаттандырылды.

Баланың ата-анасынан талап қоюшының пайдасына ортақ тәртіпте 200 мың теңге мөлшерінде моральдық зиянның өтемақысы өндіріп алынды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар