WhatsApp жаңа дыбыстық хабарлама функциясын іске қоспақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - WhatsApp мессенджерінің жасаушылары «push-to-talk» дыбыстық хабарлама функциясын сынақтап өткізіп жатыр, деп хабарлайды Wabetainfo .
Аталған функция 2013 жылы қолданысқа енгізген, алайда бұл сервис өзгеріске түспек.
Ендігі кезекте WhatsApp микрофон тетігінің орнына жаңа интерфейс шығатын болады. Қолданушы шамамен жарты секундтан кейін тетікті баспай-ақ, үздіксіз дыбыстық хабарлама жаза алады.
Сондай-ақ, дабыс жазу кезінде өзіңіздің бұдан бұрын жазған хабарламаларыңызды қарауға мүмкіндіктер жасалған.
Жаңа режимде бірқатар шектеу қойылған. Онда сіздің үздіксіз жазба режимінде суреттер мен видеоларды көруге, хабарлама жазуға және басқа чаттарды ашуға мүмкіндігіңіз болмайды.
Қазіргі таңда бұл функциялар сынақтан өтіп жатыр және таяуда қолданысқа енеді деп жоспарлануда.