Winter Cup турнирі финалында кездесетін командалар анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан клубтары арасында өтіп жатқан «Winter Cup» турнирі финалында кездесетін командалар анықталды.

«Атырау» футбол клубының құрамы жаңа ойыншылармен толықты
Фото: pexels.com

Жартылай финалдағы екінші кездесуде қостанайлық «Тобыл» мен «Ақтөбе» командалары сынға түсті.

Кездесу барысында қостанайлық клуб қарсыласын 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетсек, жартылай финалдағы алғашқы ойында Шымкенттің «Ордабасы» клубы Семейдің «Елімайын» 4:0 есебімен сүріндірді.

Енді 21 ақпан күні «Ордабасы» мен «Тобыл» бас жүлдені сарапқа салса, 3-орын үшін «Елімай» мен «Ақтөбе» шеберлік байқасады.

Аталған турнир алғаш рет футболдан Қазақстан клубтары арасында өткізілуде. Турнир Түркияның Белек қаласында болып жатыр.

Жаңа маусым алдындағы турнир барысында 100 миллион теңге сарапқа салынады. Доп додасының жеңімпазы 60 млн теңгеге ие болса, екінші орын алған клуб 40 млн теңгеге қол жеткізеді.

Соңғы жаңалықтар