«Winter Cup» турнирінде «Ордабасы» финалға жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан клубтары арасында өтіп жатқан «Winter Cup» турнирінде «Ордабасы» клубы Семейдің «Елімайын» ірі есеппен жеңді.

«Ордабасы»
Фото: prosports.kz

Аталған турнир алғаш рет футболдан Қазақстан клубтары арасында өткізілуде. Түркияның Белек қаласында жалауы желбіреген жарысқа еліміздің «Ордабасы», «Тобыл», «Ақтөбе» және «Елімай» клубтары қатысады.

Бүгінгі кездесуде шымкенттік клуб сапынан Сергей Малый, Асхат Тағыберген, Владислав Васильев, Всеволод Садовский мергендік танытты. Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті.

Енді 20:00-де «Тобыл» мен «Ақтөбе» жасыл алаңға шығады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал, 3-орын үшін кездесу 21 ақпан күні 15:00-ге, финалдық ойын сол күні 20:00-ге белгіленген.

Жаңа маусым алдындағы турнир барысында 100 миллион теңге сарапқа салынады. Доп додасының жеңімпазы 60 млн теңгеге ие болса, екінші орын алған клуб 40 млн теңгеге қол жеткізеді.

Соңғы жаңалықтар