Wizz Air Abu Dhabi Астана мен Абу-Даби арасындағы рейстерді уақытша тоқтатты

АСТАНА. KAZINFORM — Wizz Air Abu Dhabi әуе компаниясы Таяу Шығыстағы қазіргі саяси жағдайға байланысты Астана (NQZ әуежайы) мен Абу-Даби (AUH әуежайы) арасындағы рейстерді уақытша тоқтататыны туралы хабарлады.

самолет
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

Астана халықаралық әуежайының мәліметінше, осы бағыттағы соңғы рейс 2025 жылғы 19 маусымда орындалған. Ұшақ NQZ әуежайынан жергілікті уақыт бойынша сағат 15:45–те ұшып шыққан.

— Абу-Дабиден Астанаға қайту рейсін жоспарлаған жолаушыларға компания балама бағыт ретінде Алматы арқылы ұшуды ұсынады. Егер бұл нұсқа жолаушыға сай келмесе, билет құнын толық қайтару мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін Wizz Air-дің call-орталығына хабарласу қажет, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыс аумағынан 109 отандасымыз елге қайтарылғанын жазған едік.

Сонымен қатар Қазақстан Таяу Шығыс елдеріне әуе кеңістігін жапқаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар