Wolt Өзбекстан мен Жапониядағы қызметін тоқтатты

АСТАНА. KAZINFORM – Wolt өзінің қызметін екі нарықта тоқтатқанын мәлімдеді. Осындай хабар аталғын қызметтің мобильді қосымшасында пайда болды.

курьер
Фото: wolt.com

2026 жылғы 5 наурыздан бастап Өзбекстанда Wolt қосымшасы немесе оның ресми сайты арқылы тапсырыс беруге болмайды. Компания шешімнің түпкілікті екенін және ел аумағында қызмет толық тоқтайтынын мәлімдеді.

- Өзбекстандағы нарық шарттарының ерекшелігіне байланысты біз қызмет деңгейін өзіміздің талаптарымызға сай ұстап тұра алмаймыз деген байламға келдік,-делінген Wolt компаниясы Gazeta.uz-дағы хабарламасында.

2014 жылдан бері жұмыс істейтін және 30-дан астам елде қызмет көрсететін компания жабылу туралы шешім қиынға соққанын айтады.

Wolt бұл шешімнің пайдаланушылар үшін ыңғайсыздықтар тудыруы мүмкін екенін түсінетінін айта келе, сервиске жұмыс істеген жылдары көрсеткен сенім мен қолдаулары үшін алғыс айтты. Сонымен бірге клиенттерге қызметтің жабылу себептері мен кейінгі әрекеттер түсіндірілген FAQ бөлімімен танысу ұсынылды.

Сонымен қатар, Wolt-тың бас атқарушы директоры Наталья Хизанишвили LinkedIn парақшасында Жапониядағы филиалдың да жабылатынын хабарлады.

Оның айтуынша, Wolt Жапониядағы қызметін халықаралық деңгейдегі ауқымды стратегиялық қайта қарау аясында тоқтатады. Шешім қиын болғаны айтылды.

- Біз бүгін бизнесімізді халықаралық деңгейде бүгінгіден кең ауқымды стратегиялық тұрғыда қайта қарау аясында Wolt-тың Жапониядағы қызметін тоқтататынын мәлімдедік. Бұл әрине, оңай болған жоқ. Дегенмен ол біздің командамыздың кейінгі жылдары атқарған орасан зор жұмысының айнасы деуге болады. Мен сатушы, клиент, серіктес сияқты Wolt Japan қызметін жолға қоюға үлес қосқан командамыздың әрбір мүшесіне алғыс айтамын. Кейнгі екі жылда осы бизнесті басқарған мен үшін де бұл үлкен мәртебе. Біз өзіміз мақтан ете алатын дүниені жасай алдық, - делінген хабарламада.

Осыған дейін YouTube сервистерінің жұмысынан тағы да ақау шыққаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум