WORLD BOXING: 2025 жылғы Азия чемпионаттарының өтетін уақыты белгіленді
АСТАНА. KAZINFORM – WORLD BOXING ұйымы бокстан 2025 жылғы барлық жас деңгейіндегі Азия чемпионаты өтетін уақытын белгіледі.

Барлық жас дәрежесінде ерлер мен әйелдер боксы бірге өткізіледі.
Біріншіліктерді қабылдайтын қалалар тізімі кейін толық белгілі болады.
Соған сәйкес 15 және 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия біріншілігі 17 сәуір мен 1 мамыр аралығында Иорданияда өткізіледі.
Ал 19 және 22 жасқа дейінгі жастар 20 шілде мен 3 тамыз аралығында күш сынасса, ересектер арасындағы құрлықтық бәсеке 1-15 қазанға белгіленген.
Еске салсақ, бокстан 2025 жылғы әлем кубогының кезеңі Қазақстанда өтеді.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, күнтізбе бойынша 2025 жылғы әлем кубогының екінші кезеңі елімізде ұйымдастырылады. Турнир 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.