World Boxing: Азия чемпионатында бүгін 22 жасқа дейінгі боксшылар сайысқа түседі

АСТАНА. KAZINFORM - World Boxing аясында Таиланд астанасы Бангкок қаласында бүгін 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатында финалдық жекпе-жектер өтеді.

World Boxing: Азия чемпионатында тағы қазақстандық төрт боксшы жартылай финалға шықты
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Құрлықтық дода 30 шілде-12 тамыз аралығына белгіленген. Оған 25 елден 396 боксшы (237 ер және 159 әйел) қатысып жатыр.

Олардың арасында Қазақстан, Ауғанстан, Филиппин, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Жапония, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Непал, Қатар, Қытай, Сингапур, Шри-Ланка, Таиланд, Түркіменстан, Өзбекстан, БАӘ, Въетнам, Бутан бар.

Бүгін, 11 тамызда 22 жасқа дейінгілер шаршы алаңға шығады.

Күндізгі сессия 

  • 1 жұп. Әйелдер. 48 келі. Гүлназ Бөрібаева - Робияхон Бахтиёрова (Өзбекстан)
  • 6 жұп. Әйелдер. 70 келі. Бақыт Сейдіш - Ойша Тоирова (Өзбекстан)
  • 7 жұп. Әйелдер. 75 келі. Шұғыла Нәлібай - Зии Бао (Қытай)
  • 8 жұп. Әйелдер. 80 келіден жоғары. Әсел Тоқтасын - Ритика (Үндістан)
  • 11 жұп. Ерлер. 60 келі. Нұрислам Қалдыбаев - Шохрух Абдумаликов (Өзбекстан)
  • 12 жұп. Ерлер. 65 келі. Илья Калинин - Саят Ильясов (Өзбекстан)
  • 13 жұп. Ерлер. 70 келі. Нұрбек Мұрсал - Мухаммад Азизбек Исмоилов (Өзбекстан)
  • 15 жұп. Ерлер. 80 келі. Санжарәли Бегалиев - Рахматулло Бойматов (Өзбекстан)
  • 17 жұп. Ерлер. 90 келі. Темірлан Мұкатаев - Шахзод Полвонов (Өзбекстан).

Еске салсақ, бұдан бұрын Азия чемпионатында еліміздің 19 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 7 медаль алды.

Соңғы жаңалықтар