World Boxing: Азия чемпионатында ертең финалдық жекпе-жектер басталады
АСТАНА. KAZINFORM - World Boxing аясында Таиланд астанасы Бангкок қаласында 19 және 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатында финалдық жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды.

10 тамызда 19 жасқа дейінгілер сайысқа түседі.
Күндізгі сессия (қазақстандық уақытпен 09:00-де басталады)
3 жұп. Әйелдер. 57 келі. Аяжан Ермек - Мускан (Үндістан)
8 жұп. Әйелдер. 80 келі. Құралай Егінбайқызы - Критика Васан (Үндістан)
11 жұп. Ерлер. 60 келі. Әділет Тортубек - Али Чехрегани (Иран)
13 жұп. Ерлер. 70 келі. Бейбарыс Әшірбай - Абдулазиз Джуракулов (Өзбекстан)
15 жұп. Ерлер. 80 келі. Тимур Тайбеков - Норбек Абдуллаев (Өзбекстан)
16 жұп. Ерлер. 85 кгелі Нұрсұлтан Қыстаубай - Самир Собиров (Өзбекстан)
17 жұп. Ерлер. 90 келі. Расул Асанханов - Хемант Сангван (Үндістан).
11 тамызда 22 жасқа дейінгілер шаршы алаңға шығады.
Күндізгі сессия (Қазақстандық уақытпен 9:00-де басталады)
1 жұп. Әйелдер. 48 келі. Гүлназ Бөрібаева - Робияхон Бахтиёрова (Өзбекстан)
6 жұп. Әйелдер. 70 келі. Бақыт Сейдіш - Ойша Тоирова (Өзбекстан)
7 жұп. Әйелдер. 75 келі. Шұғыла Нәлібай - Зии Бао (Қытай)
8 жұп. Әйелдер. 80 келіден жоғары. Әсел Тоқтасын - Ритика (Үндістан)
11 жұп. Ерлер. 60 келі. Нұрислам Қалдыбаев - Шохрух Абдумаликов (Өзбекстан)
12 жұп. Ерлер. 65 келі. Илья Калинин - Саят Ильясов (Өзбекстан)
13 жұп. Ерлер. 70 келі. Нұрбек Мұрсал - Мухаммад Азизбек Исмоилов (Өзбекстан)
15 жұп. Ерлер. 80 келі. Санжарәли Бегалиев - Рахматулло Бойматов (Өзбекстан)
17 жұп. Ерлер. 90 келі. Темірлан Мұкатаев - Шахзод Полвонов (Өзбекстан).
Еске салсақ, бұдан бұрын Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында каратэ-до спортынан Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) күміс жүлдеге ие болды.