World Boxing: Азия чемпионатында тағы қазақстандық төрт боксшы жартылай финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM - World Boxing аясында Таиланд астанасы Бангкок қаласында 19 дейінгілер арасында бокстан 2025 жылғы Азия чемпионатында бүгін, 5 тамызда тағы қазақстандық төрт боксшы жартылай финалға шықты.

World Boxing: Азия чемпионатында тағы қазақстандық төрт боксшы жартылай финалға шықты
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Ел құрамасынан Жанель Имантаева (54 келі) ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Джиэ Кимнің осал тұсын тапса, Аяжан Ермек (57 келі) таиландтық Чавалук Соннуды қапы қалдырды.

Ал Алина Кудайгенова (60 келі) Алина Кудайгенова Оңтүстік Кореядан келген Джихье Хонды жеңсе, Ақбота Есімбекова (65 келі) қырғызстандық Айпери Адылбекованы тізе бүктірді.

Сондай-ақ ел құрамасынан Мария Сидоренко (70 келі) қытайлық Альмира Абдураимға есе жіберіп, жүлдесіз қалды.

Бұдан бұрын ел құрамасынан Айым Таңқыбаева (51 келі) жартылай финалға жолдама алдса, 
Диана Серікбаева (48 келі) ширек финалдан аса алған жоқ.

Енді ел құрамасынан Зарина Толыбай (75 келі) үндістандық Аарти Кумаримен кездеседі.

Құрлықтық дода 30 шілде-12 тамыз аралығына белгіленген. Оған 25 елден 396 боксшы (237 ер және 159 әйел) қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың арасында Қазақстан, Ауғанстан, Филиппин, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Жапония, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Непал, Қатар, Қытай, Сингапур, Шри-Ланка, Таиланд, Түрікменстан, Өзбекстан, БАӘ, Въетнам, Бутан бар.

Соңғы жаңалықтар