World Boxing: бокстан Азия чемпионатында бүгін кімдер рингке шығады

АСТАНА. KAZINFORM – Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында ел құрамасынан 4 сәуірде ел құрамасынан кімдер шығатыны белгілі болды.

бокс, Санжар Тәшкенбай
Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстандық боксшылар күндізгі және кешкі сессияда сынға түседі. Қазақстан уақытымен күндізгі сессия 9:00-де басталса, кешкі сессия 14:00-ге белгіленген.

Күндізгі сессия
2-жұп. 65 келі, Лаура Есенкелді - Анкушита Боро (Үндістан)
5-жұп. 50 келі. Санжар Тәшкенбай - Вишванаш Суреш (Үндістан)
12-жұп. 65 келі. Ертуған Зейнуллинов - Мирзохид Имамназаров (Қырғызстан).

Кешкі сессия
4-жұп. 75 келі. Валентина Хальзова - Суйеон Сеонг (Оңтүстік Корея)
9-жұп. 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай - Арман Маханов.

Айта кетсек, бүгін Оразбек Асылқұлов (60 келі) Азия чемпионатында жапониялық Шунсуке Китамотомен кездесуі керек еді. Алайда қарсылас жарақатына байланыста шаршы алаңға шықпайтыны белгілі болды. Осылайша Оразбек жартылай финалға өтті.

Құрлықтық дода 10 сәуірге дейін созылады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Азия чемпионатының ширек финалына 21 елдің боксшылары шықты.

Соңғы жаңалықтар