World Boxing енді турнирге қатысатын боксшыларды гендерлік тестілеуден өткізеді
АСТАНА. KAZINFORM — World Boxing ұйымы енді турнирлеріне қатысу құқығын анықтау үшін барлық боксшыны гендерлік тестілеуден өтуге міндеттейді.

Ұйымның жарияланған мәлімдемесінде айтылғандай, World Boxing ер мен әйел спортшылардың жарысқа қатысу құқығын анықтау үшін міндетті гендерлік тестілеуді енгізеді.
- Міндетті тестілеуді енгізу барлық қатысушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ерлер мен әйелдер үшін тең жағдай жасау үшін жаңа «жыныс, жас және салмақ» саясатының бөлігі болады, - деп атап өтті World Boxing.
World Boxing 30 мамырда Алжир бокс федерациясына хат жолдады. Онда Париждегі XXXIII Олимпиада ойындарындағы бокс турнирінің жеңімпазы Иман Хелиф тестілеу ережелері мен рәсімдеріне сәйкес жынысы генетикалық скринингтен өткенге дейін бокстан Эйндховен кубогына немесе кез келген басқа World Boxing іс-шарасында әйелдер санатына қатысуға жіберілмейтіні туралы хабарланған.
Естеріңізге сала кетейік, Хелиф пен тайваньдық боксшы Линь Юй-тин Париж Олимпиадасынан кейін әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырған жанжалдан кейін назарға ілікті.