World Boxing: Қазақстан атынан бүгін төрт боксшы шығады
АСТАНА. KAZINFORM - Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан бокстан әлем кубогында 18 қарашада ел құрамасынан кімдер ринге шығатыны белгілі болды.
Бұл күні ел құрамасынан төрт боксшы шаршы алаңға шығады. Олардың 2-уі күндізгі, 2-уі кешкі сессияда сайысқа түседі.
Күндізгі сессия (Қазақстан уақытымен 13:30 )
15:00. Әйелдер. 80 келіден жоғары. Жартылай финал. Әсел Тоқтасын - Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
15:30. Ерлер. 80 келі. Жартылай финал. Санжарәли Бегалиев - Оладимеджи Шитту (Англия)
Кешкі сессия (17:30)
18:15. Ерлер. 80 келі. Жартылай финал. Диана Магауяева - Агата Качмарска (Польша)
19:45. Ерлер. 90 келіден жоғары. Жартылай финал. Даниял Сапарбай - Нарендер (Үндістан).
Айта кетсек, 17 қарашада ел құрамасынан Нұрбек Мұрсал (70 келі) жеңіске жетсе, Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Аман Қонысбеков (75 келі), Бекзат Таңатар (90 келі), Нұрзат Оңғаров (50 келі) қарсыластарына есе жіберді.
Беделді бәсеке 16-20 қараша аралығында өтеді. Оған Қазақстан атынан ерлер құрамасынан 8, ал әйелдер құрамасынан 5 спортшы қатысуға мүмкіндік алды.
Әлем кубогі үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңі сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында болса, одан кейін шілде айында Астана да жалауын көтерді.
Бірінші кезеңде отандастарымыз 3 алтын, 3 қола алса, екінші кезеңде 8 алтын, 2 күміс, 5 қола жүлдеге қол созды.