World Boxing: Қазақстан Өзбекстаннан озып кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Бокс федерациясының ресми Instagram-парақшасы әлемдегі ең танымал ұлттық бокс аккаунты атанды. Бұл туралы Sports.kz World Boxing баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

World Boxing
Фото: Kazinform

World Boxing құрамындағы ұлттық федерациялар арасында Қазақстан Бокс федерациясының аккаунты 300 мың жазылушымен бірінші орында тұр. Екінші орында — АҚШ Бокс федерациясы (218 мың), ал үшінші орында — Өзбекстан Бокс федерациясы (194 мың жазылушы).

«Бокс әрдайым тек рингте емес, әлеуметтік желілерде де бәсеке тудыратын спорт. Бұл таңғалдырмайды, біз 2025 жылы өмір сүріп жатырмыз, мұндағы лайк, пікір және репост — ойынның бір бөлігі.

Біз Instagram-дағы ең танымал ұлттық бокс федерациялары қайсысы екенін анықтап көрдік.

Сонымен, жазылушылар саны бойынша Қазақстан бірінші орында! Одан кейін АҚШ, Өзбекстан, Англия және Италия келеді», - делінген ұйымның Instagram-парақшасындағы жазбада.

Айта кетейік, қазіргі таңда World Boxing президенті — қазақстандық Геннадий Головкин. Ол бұл қызметке 23 қарашада Римде өткен федерацияның Дүниежүзілік конгресінде сайланған.

Соңғы жаңалықтар