World dog show-2023: Қазақстанның жас хендлерлері Швейцарияда сынға түседі

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Қазақстан кинологтерінің делегациясы тазы иттерімен алғаш рет Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қамқорлығымен Швейцарияда өтіп жатқан сайыстар сериясына қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» меншікті тілшісі.
None
None

Микроавтобуспен 12 елдің шекарасынан өтіп, 8 мың шақырымға жуық жер жүрген қазақстандық команда Женеваға жетті. Ертең, 27 тамыз күні олар кинологтер үшін жылдың басты оқиғасы саналатын «World dog show-2023» әлем чемпионатына қатысады.

Айта кетсек, биыл Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) бірнеше күнге созылатын сайыстар аясында юниор хэндлингі бойынша байқау ұйымдастырып отыр. Оған жиналған 100 қатысушының арасында Қазақстанның екі өкілі де бар. Олар – Тұмар есімді тазысын алып келген 13 жасар Валерия Васильченко (Астана) және Вангелия есімді лабрадор ерткен 14 жасар София Капустина (Алматы).

Қазақстан кинологтері одағынан мәлім еткеніндей, екі қыз да бұған дейін ұлттық және халықаралық иттер көрмесіне қатысып, жүлделі болған. Ал, «Тұмар» тазы (4 жасар) мен «Вангелия» лабрадор (9 жасар) «Швейцария Гран-приінде» өз санаттарында CAC титулын алған. Енді көрменің басты – «Женевадағы Әлем кубогы 2023 чемпионы» және «Женевадағы Әлем кубогы 2023 ардагерлер арасындағы чемпион» атақтарын жеңіп алуға мүмкіндік бар.

София Капустина әлемнің 32 жас хендлері арасында үштіктегі орын үшін таласады. Валерия Васильченконың ақтық сайысқа шығуға мүмкіндігі мол.

Ұйымдастырушылар мәліметінше, «World dog show-2023» сайысына әлемнің бірнеше елінен 20 мың итті қатыстыруға өтінім түскен. Барлығы 200 тұқымды итті 150 халықаралық төрешілер бағалайды.


Соңғы жаңалықтар