WTA қорытынды турнирі: Елена Рыбакина тобындағы жеңімпаз анықталды
Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде Бакалар тобында жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды Kazinform.

Әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула дүниежүзілік рейтингте 9-орында тұрған грекиялық Мария Саккариді 6:3, 6:2 есебімен ұтты.
Бұдан бұрын америкалық спортшы Елена Рыбакина мен Беларусь өкілі Арина Соболенконы жеңген еді. Сөйтіп, ол өз тобынан 1-орынмен жартылай финалға жолдама алды. Үш рет жеңіліс тапқан М.Саккари осы топта соңғы орынға түсті.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Е.Рыбакина дүниежүзілік рейтингтің көшбасшысы А.Соболенко екінші жартылай финалдың жолдамасы үшін кортқа шықты. Бірінші партияда А.Соболенко 5:1 есебімен ұтып жатқан мезетте матч жаңбырға байланысты тоқтатылды. Ойын кейін жалғасатын болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.