08:51, 12 Қараша 2013 | GMT +5
WTA турнирінің 16 дүркін жеңімпазы допинг дауына ілікті
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Испан теннисшісі Нурия Льягостера-Вивес допинг қолданғаны үшін спорттық бәсекелерден екі жылға шеттетілді.

33 жастағы, жұптық рейтингтегі үздік ойыншылардың арасында 40-ыншы орындағы спортшының ағзасынан метамфетамин табылған. Ол мұның қайдан пайда болғанын түсіндіре алмады. Нурия Льягостера-Вивестің жарыстан шеттетілуі 2015 жылдың қыркүйек айына дейін жалғасады, деп хабарлады "Спортбокс".
Еске сала кетейік, Льягостера-Вивес жұптық дәрежеде WTA турнирінің он алты дүркін жеңімпазы болып табылады.