WTI мұнайы 85 долларға дейін төмендеді
АЛМАТЫ.KAZINFORM - 18 қарашада әлемдік мұнай нарығында баға төмендеді.
Сауда қорытындысы бойынша, Brent маркалы мұнайдың қаңтар фьючерстері барреліне 92,69 доллар болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,45 долларға немесе 0,48%-ға төмен.
WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 85,05 доллардан саудаланды. Ол 0,96 долларға немесе 1,12%-ға арзандады.
Ресейлік Urals мұнайының құны барреліне 71,10 доллар болды. Баға 2,49 долларға немесе 3,38% төмендеді.
Мұнай бағасының өзгеруіне Таяу Шығыстағы шиеленістің сақталуы әсер етіп отыр.
Сейсенбі күні Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Бахрейндегі америкалық радиолокациялық жүйеге шабуыл жасаған. Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) операцияның АҚШ әскери дрондарының Иран әуе кеңістігін бұзуына жауап ретінде жүргізілгенін мәлімдеді.
Бұған қоса, Йемен хуситтері Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласынан батысқа қарай орналасқан екі мұнай айдау станциясына дронмен соққы жасағанын хабарлады.