XXI ғасырдағы Қазақстан мен Ресейдің тату көршілігі мен одақтастығы жаңа келісімі 2013 жылдың ішінде әзірленеді

МӘСКЕУ.  9 қазан. ҚазАқпарат - XXI ғасырдағы Қазақстан мен Ресейдің тату көршілігі мен одақтастығы жаңа келісімі 2013  жылдың ішінде әзірленеді. Бұл туралы екі елдің Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің бірлескен мәлімдемесіне айтылған.
None
None

«Тұрақты жетілдірілетін екіжақты келісімдік-құқықтық базаға арқа сүйей отырып, екі мемлекеттің Үкіметтеріне  2013 жылдың ішінде XXI ғасырдағы Қазақстан мен Ресейдің тату көршілігі мен одақтастығы жаңа келісімін әзірлеп, қол қоюға енгізуді тапсырады», делінген Мемлекет басшыларының мәлімдемесінде.

Сонымен қатар аталған құжатта Қазақстан мен Ресейдің екі елдің халықтарының рухани және мәдени жақындығын сақтауға, мәдениет, білім, ақпарат салаларындағы өзара байланысты тереңдетуге қол ұшын беретіндігі айтылған. Екі елдің ұлттық заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін ғылыми, шығармашылық және басқа да одақтар, қорлар арасында байланыс орнатуға мүдделілік танытатындығына да баса назар аударылған.

«Президенттер Қазақстан мен Ресейдің және басқа да елдердің мүддесіне «Байқоңыр» ғарыш айлағының ғылыми-техникалық әлеуетін одан әрі тиімді пайдалану және дамыту маңыздылығын қуаттайды», делінген бірлескен мәлімдемеде.

 

Соңғы жаңалықтар