XXV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты ресми басталды

ЛИВИНЬО.KAZINFORM – Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты ресми басталды.

Церемония открытия Олимпиады 2026
Фото: Сали Сабиров

Ойындардың ашылу салтанаты жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де Милан қаласындағы әйгілі «Сан-Сиро» олимпиадалық стадионында басталды. Сонымен қатар ашылу салтанатының бір бөлігі ретінде Ливиньо, Предаццо және Кортина-д’Ампеццо қалаларында бір мезгілде спортшылар шеруі жалғасады.

Церемония открытия Олимпиады 2026
Фото: Сали Сабиров

Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын «Balich Wonder Studio» студиясы ұйымдастырып отыр. Ұйымдастырушылар бұл ауқымды халықаралық мерекеге жаңа әрі инклюзивті формат беруді көздейтінін мәлімдеді.

Олимпиада
Фото: Сали Сабиров

Іс-шарада бес дүркін «Грэмми» сыйлығының иегері Мэрайя Кэри, әлемге әйгілі тенор Андреа Бочелли, «Алтын глобус» сыйлығының иегері Лаура Пусини, марапатталған актер және продюсер Пьерфранческо Фавино және америкалық «White Lotus Resort» телехикаясында басты рөлді сомдаған актриса Сабрина Импачаторе сияқты бірқатар әлемдік деңгейдегі әртістер өнер көрсетеді.

Церемония открытия Олимпиады 2026
Фото: Сали Сабиров

Сонымен қатар итальяндық рэпер Гали мен әлемге әйгілі пианист Ланг Ланг көрермендерге тамаша көңіл күй сыйлайды деп жоспарланған.

Церемония открытия Олимпиады 2026
Фото: Сали Сабиров

Еске салайық, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Байрақты бәсекеде 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстаннан биыл 36 спортшыны Олимпиада ойындарына жолдама алып, спортшылар саны жөнінен алғашқы 25 мемлекет құрамына енді.

Соңғы жаңалықтар