Ядролық «үштік», жаңа буын танктері: Бейжіңдегі парадта не көрсетілді

АСТАНА. KAZINFORM – Қытай Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ел тарихындағы ең ірі әскери шеруде стратегиялық маңызды қару-жарақтың соңғы үлгілерінің бірқатарын көрсетті. Шеруде алғаш рет елдің ядролық «үштігі» таныстырылды, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.

парад
Фото: Синьхуа

Ядролық «үштік»

Қытай толыққанды ядролық «үштікті» қалыптастыра отырып, құрлық, теңіз және әуедегі стратегиялық күштерін алғаш рет таныстырды. Оның құрамына алыс қашықтыққа ұшатын JingLei-1 авиациялық зымыран, JuLang-3 сүңгуір қайықтағы құрлықаралық баллистикалық зымыран, DongFeng-61 құрлықаралық баллистикалық зымыран, сондай-ақ құрлықтағы құрлықаралық баллистикалық зымыранның жаңа түрі DongFeng-31 кірді.

парад
Фото: Синьхуа

Көрермендерге сонымен қатар ұшу аймағы бүкіл ғаламшарды қамтитын DongFeng-5C стратегиялық құрлықаралық зымырандары, сондай-ақ жоғары жылдамдығымен, қару-жарақтың ену қабілетімен және дәлдігімен ерекшеленетін DF-17 және DF-26D гипердыбыстық баллистикалық зымырандар таныстырылды.

Әрбір аббревиатураның өз мағынасы бар: YJ — Yingji («Бүркіт соққысы»), DF — Dongfeng («Шығыс желі»), теңізге негізделген ракеталар — JL — Julang («Алып толқын») және әуе негізіндегі ракеталар — Jinglei («Күн күркіреуі») дегенді білдіреді.

парад
Фото: Синьхуа

Таныстырылған жүйелердің ішінде JL-3, JL-1, DF-26D, DF-31BJ, DF-61 және DF-5C бұрын құпияланған болатын. Олардың бір уақытта көрсетілуі ядролық «үштік» қалыптастыру аяқталғанын көрсетеді. Бұл ҚХР арсеналындағы бұрынғы олқылықты толтырды, өйткені Қытай армиясында әуедегі ықпалды ядролық қаруы болған жоқ.

танк
Фото: Синьхуа

Жаңа буын танкілері

Жаңа броньды техника ішінде бесінші буынның «Tип-100» негізгі жауынгерлік танктері мен сол сериядағы атыс қолдау машиналары ерекше қызығушылық тудырды.

пара, танк
Фото: Синьхуа

Жойғыштар және стратегиялық авиация

Парадта алғаш рет қытайлық бесінші буын жойғыштарының барлық түрлері – J-20, J-20A, J-20S, J-35A және J-35 бір мезгілде көрсетілді. Сондай-ақ стратегиялық бомбалаушы ұшақтар таныстырылды.

аппараттары
Фото: Синьхуа

Ұшқышсыз ұшу аппараттары

Ұшқышсыз жүйелер саласында Қытай әскери-әуе күштері операцияларының жаңа түрлерін жүргізуге дайын екенін танытты. Барлау және соққыға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттары, қанатты ұшқышсыз ұшу аппараттары, кемедегі ұшқышсыз тікұшақтар таныстырылды.

үшу аппараттары
Фото: Синьхуа

Киберсоғыс жабдығы

Сондай-ақ колоннада ұлттық киберқорғанысты нығайтуға пен барлық саладағы операцияларды өткізуді қамтамасыз ете алатын киберсоғыс жүйесінің төрт кешені көрсетілді.

Қытай
Фото: Синьхуа

Радиэлектрондық соғыс жүйелері

Парадқа әуе және ғарыш қорғанысын қамтамасыз етуге, жау желілерін істен шығаруға және олардың цифрлық тізбектерін жоюға қабілетті радиоэлектрондық қарсы тұру шаралардың бес түрі қатысты.

парад
Фото: Синьхуа

ҚХР Орталық әскери кеңесі Біріккен штабының жедел басқармасы бастығының орынбасары генерал-майор У Цзэкэ атап өткендей, парадта Қытай қарулы күштері құрылымының жаңа құрастырылуы ұсынылды, сондай-ақ құрлық, теңіз және әуедегі стратегиялық қару, гипердыбыстық және дәлдігі жоғары соққы қаруы, ұшқышсыз аппараттардың кейбір түрлері алғаш рет таныстырылды.

парад
Фото: Синьхуа

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев әскери парадты тамашалағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар