Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға енгізілген түзетулер мақұлданды - Мәжіліс

АНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға түзетуді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
None
None

Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға түзету 2005 жылғы 8 шілдеде Вена қаласында жасалған болатын. Ал негізгі конвенцияның өзі 1976 жылғы 26 қазанда қабылданған, бұл ядролық қызметтің физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін әмбебап халықаралық шарт болып табылады.

Аталған түзету ядролық материалды физикалық қорғауды қамтамасыз ету, осы материалдың ұрлануын және ядролық қондырғыларға қарсы диверсияларды болғызбау және оның жолын кесу мақсатында Конвенцияға қатысушы мемлекеттер ынтымақтастығының тетігін жетілдіреді. Сондай-ақ құжат ядролық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің бірыңғай үйлестіруші орталық ретіндегі рөлін арттырады.

Конвенция мәтіні жаңа баппен де толыққан. Онда әрбір қатысушы мемлекеттің және оның заңдық құзырындағы ядролық материалдар мен қондырғыларды физикалық қорғаудың тиісті режимін орнату, қалыптастыру міндеттемесі айқындалған. Атап айтқанда, ядролық материалдар мен қондырғыларды пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде оларды ұрланудан, басқа да заңсыз басып алудан қорғау мақсатында, сондай-ақ оларды іздеп табу және қайтару жөнінде жедел шараларды жүзеге асыру бойынша атқарылатын жұмыстар осы міндеттемеде қарастырылған.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар