12:05, 01 Шілде 2009 | GMT +5
Ядролық технологиялар паркі жалпыұлттық телекөпірдің жұмысына қатысады
ЕЙ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстанның Курчатов қаласындағы «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамы «Жаңа индустрияландыру - барша үшін жаңа мүмкіндіктер!» тақырыбында өтетін жалпыұлттық телекөпірдің жұмысына қатысуға әзірленуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Телекөпір шілденің 3-і, жұма күні «Хабар» телеарнасында өтеді. Телекөпір барысында республикамызда әзірленген инновациялық жобалар таныстырылады. Телекөпір Астананы еліміздің барлық өңірлерімен байланыстырады.