«Яги» тайфуны: Қытайдың оңтүстігінде төтенше жағдай жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың оңтүстік аймақтарына жақындап келе жатқан «Яги» тайфуны салдарынан су басу қаупіне байланысты шұғыл әрекет ету режимі енгізілді. Бұл туралы ҚХР Су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік штабы хабарлады.
Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығының (ҰМК) болжамынша, 6 қыркүйекте «Яги» тайфуны Хайнань аралы мен Гуандун провинциясының (Оңтүстік Қытай) жағалауларына жақындайды.
ҰМК хабарлауынша, сәрсенбі, 4 қыркүйекте Оңтүстік Қытай теңізінде, Фуцзянь мен Гуандун жағалауындағы аудандарда қатты жел соғады. Ведомство «сары» деңгейдегі ескерту жариялады.
Қытайда ауа райы туралы ескертудің төрт деңгейлі жүйесі бар, қауіптіліктің ең жоғары деңгейі қызыл түспен, одан кейін қызғылт сары, сары және көк түспен белгіленген.