Як-18 ұшағы Түмен түбіндегі көлік ағылып жатқан күре жолға қонуға мәжбүр болды (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түмен-Омбы күре жолында көлік жүргізушілері ұшақтың қонғанын бақылады.
Куәгерлердің бірі, Түмен тұрғыны Татьяна Криницкаяның сөзіне қарағанда, Як-18 ұшағы көлік көп қатынайтын жолдың оң жолағына сәтті қонды. Ол оқыс оқиға Ялуторовский аэродромынан 40 шақырым жерде орын алғанын айтты.
Бұл көріністі суретке түсіріп, Желіге жариялады.
Кейін видео пайда болды, алайда ұшақтың қонып жатқан сәті жоқ. «Беларусь мемлекеттік номері бар Хаммер әуе кемесін сүйреді. «Ол ТЭО-2 айналма жолда менен озып өтті» - деп жазды автор.