Якутияда ежелгі заманғы екі үңгірлік арыстан күшігінің бүлінбей сақталған қаңқалары табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутияда үңгірде өмір сүретін екі арыстан аланының (күшігі) сүйектері табылды. Үңгірлік арыстандар 10 000 жылдан астам уақыт бұрын жойылып кеткен деп саналады.
None
None

Саха Республикасының ғылымдар Академиясының ғалымдары осындай жаңалық ашты. Олардың тапқандары қараша айының соңында, зерттеудің алғашқы нәтижелері дайын болғанда ресейлік және шетелдік БАҚ-қа арналған таныстырылымда көрсетіледі.

Үңгірлік арыстандар Британ аралдарынан, Солтүстік Еуропадан Ресейге дейінгі аумақта мекендеді деп саналады. Олардың қаңқалары Аляска мен солтүстік Канададан да табылды.

Бұл олжа аса маңызды, өйткені бұрын тек бас сүйегі, тістері мен кей сүйек бөліктері ғана табылған, деп жазды epochtimes.ru.

Соңғы жаңалықтар