22:34, 21 Наурыз 2014 | GMT +5
«Ялла» тобының әншісі қазақ әндерін сүйетінін айтты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Аңызға айналған «Ялла» тобының әншісі Фарух Закиров Қарағандыда концерт қойған кезінде қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
«Біз ең әсем көктем мерекесі - Наурыз мейрамын өзіміздің бауырларымызбен, қазақстандық достармен қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Сіздердің жетістіктеріңізге қуанамыз. Қазақстанда ең ізгі көрермендеріміз бар деп есептейміз. Сіздерге тыныштық пен береке тілеймін», - деді Ф.Закиров.
«Әрқашан да аспанымыз ашық болып, осындай Наурыз сияқты тамаша мерекелеріміз көп болсын, бірге атап өтейік», - деді жеті мемлекеттің-республиканың - Өзбекстанның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Түрікменстанның, Тәжікстанның, Ингушетияның, Қарақалпақстанның халық әртісі.
«Ялла» тобы көшбасшысының айтуынша, оған қазақ әндері ұнайды. Қарағандыдағы концертте ансамбль қазақтың халық әні «Қараторғайды» шырқады.