Ялтада ТМД мемлекеттері Кедендік қызмет басшылары кеңесінің отырысы өтеді

СТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат - Маусымның 8-9-ы күндері Ялтада (Украинаның оңтүстігі, Қырым автономиялық республикасы)ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Кедендік қызмет басшылары кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Украина Мемлекеттік кедендік қызметінің баспасөз қызметі.
None
None

Украинформ хабарлағандай, отырысқа Украина, Ресей, Беларус, Армения, Өзбекстан, Қазақстан, Молдова, Тәжікстан, Әзірбайжан және Қырғызстан кедендік әкімшіліктерінің басшылары қатысады.

Отырыста ТМД мемлекеттері кедендік қызметін дамыту және өзара іс-қимылын тереңдету, сондай-ақ кеден саласындағы халықаралық заңнамаларды сәйкестендіру мәселелері талқыланады деп жоспарлануда.

Талқыға түсетін басқа да тақырыптар арасында - ақпараттық ынтымақтастықтың нәтижелері, сондай-ақ сыртқы сауда статистикалық мәліметтерімен алмасу; ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы кедендік қызметтің аудит саласы бойынша ақпарат алмасуды реттеу жұмыстары бар. Кездесу барысында бірқатар екіжақты шарттарға қол қойылады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар