«Ямал-401» ғарыш аппараты орбитаға шығарылды
2014 жылдың 15 желтоқсаны Мәскеу уақытымен 12:17 кезінде телекоммуникациялық «Ямал-401» ғарыш аппараты штатты түрде орбитада «Бриз-М» үдеткіш блогынан бөлініп, ұшыруға тапсырыс берушімен басқаруға қабылданды, деп хабарлады Ресейғарыш баспасөз қызметі.
«Ямал-401» ғарыш аппараты Ресейдің «Газпром ғарыш жүйелері» жер серіктік байланыс операторының тапсырысымен академик М.Ф.Решетнев атындағы «Ақпараттық жер серігі жүйелері» ААҚ-да жасалған.
Статистикаға сәйкес, осы жолы ұшырылған «Протон-М» зымыран-тасығышы 2014 жылғы жетінші және оның ұшу тарихындағы 400-ші рет ұшырылуы болды.
Бұл өтіп бара жатқан жылы ұшырылған соңғының алдындағы ұшыру болды. Жылдың ұшыру бағдарламасын Байқоңыр ғарыш айлағынан 2014 жылдың 28 желтоқсанында еуропалық «АстраG» ғарыш аппаратымен «Протон-М» зымыран-тасығышының ұшырылуы аяқтайды.