«Яндекс. Такси» тергеуі: Марат Омаров іс немен аяқталғанын айтты
АСТАНА. KAZINFORM – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров «Яндекс. Таксиге» қатысты тергеудің немен аяқталғанын мәлімдеді.

Бүгінде агенттік пен «Яндекс» арасында процессуалды келісім жасалған. Онда өзара міндеттемелер көрсетілген. Егер шарт бұзылған жағдайда оны қайта қарап, тиісті шара қолданылуы мүмкін. Дегенмен такси қызметінің бағасына қатысты мәселе әлі де түпкілікті шешілген жоқ.
«Бағаға қатысты мәселе сол күйі қалып отыр. Егер күрт қымбаттау, нормадан 10 есе арту фактісі болса, онда біз қайтадан оны қарауға дайынбыз. Шағымдар түсіп жатыр. Дегенмен саны азайды. Мәселе туындаған жағдайда оны саралайтын боламыз», - деді Марат Омаров.
Оның атап өтуінше, сот талқылауы барысында тараптар ымыраға келіп, тұтынушылар үшін де, агрегат жүргізушілері үшін де комиссия алымын төмендетуге уағдаласқан.