Янник Синнер US Open турнирінің жеңімпазы атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық спортшы Янник Синнер америкалық Тейлор Фрицті жеңіп, US Open чемпионы атанды. Бұл туралы BBC News жазды.

Финалдық кездесу жексенбі күні Нью-Йоркте өтіп, 6:3, 6:4, 7:5 есебімен Синнердің пайдасына шешілді.
Қаңтар айында Аустралияда алғаш рет Үлкен дулыға турнирін жеңіп алған 23 жастағы Синнер үшін US Open маусымындағы 55-ші жеңісі және мансабындағы алтыншы титулы болды.
«Бұл атақ мен үшін өте маңызды. Мансабымның бұл кезеңі оңай болған жоқ, бірақ менің командам мен отбасым мені қолдады», - деді Синнер наурыз айында допинг сынағынан екі рет өтпей қалып Нью-Йоркке келген соң.
Синнер 1977 жылы бір маусымда екі Үлкен дулыға чемпионы атағын жеңіп алған аргентиналық Гильермо Виластан кейінгі теннисші болды.
Италиялық спортшы жеңісін апасына арнады.
Бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымында франциялық Джессика Поншемен матчқа қатысудан бас тартқаны хабарланған болатын.
Юлия Путинцева US Open турнирінің үшінші айналымында италиялық теннисші Жасмин Паолиниден жеңіліп қалды.
Ал, Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына шыға алмады.